7 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.
11.00-де Достық үйінен Қостанай облысында өрттен зардап шеккендерге жалпы сомасы 15 млн теңгеге азық-түлік, төсек-орын жабдықтары және бірінші кезекте қажетті заттары бар 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберіледі.
15.00-де «Ақ жол» партиясында төлем қабілетін қалпына келтіру және азаматтардың банкроттығы туралы заң жобасын талқылау өтеді.
15.00-де Нұрлы-Орда бизнес орталығында Қазақстандық қоғамдық даму институты алаңында «Ашық алаң» отырысы өтеді.
15.00-де Қалалық мәслихатта «Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік-инвестициялық жобаларын Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық меншігіне қабылдау туралы» отырыс өтеді.
16.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына орай «Aq jol» және қазақ баспасөзі» атты дөңгелек үстел өтеді.
19.00-де «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» сахнасында «Turan» ансамблінің концерті өтеді.
19.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Сәби бақыты» концерті өтеді.
Фото: pixel-shot.com