7-Қысқы Азиада аясында ардагер шаңғышылардың республикалық біріншілігі өтті - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Кеше Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында «Көкшетау» ұлттық мемлекеттік парк аумағында 7-Қысқы Азиада аясында ардагер шаңғышылар арасында республикалық біріншілік мәреге жетті.
None
None

Шаңғышылар қауымдастығының төрағасы Мәули Әбдірахмановтың айтуынша, бұл жолы дәстүрлі жарысқа еліміздің әр түкпірінен елуге тарта үміткер қатысып, бақтарын сынаған. Ардагерлер классикалық әдіс бойынша бес және он шақырымдық қашықтықта жарыс жолына шықты. Әлемдік шаңғы сайыстарында бас бәйгені еншілеп, еліміздің даңқын шығарған рудныйлық Иван Гаранин мәре сызығын бірінші болып кессе, одан кейін сәл кешігіңкіреп келген жерлесі Виктор Косолапов пен Павлодар қаласының өкілі Юрий Ковалев екінші және үшінші орынды еншіледі. Әйелдер арасында павлодарлық Мәриям Ескендірова алдына жан салмаса, зеренділік Валентина Касьянова мен Рудный қаласының шаңғышысы Татьяна Воробьева кейінгі жүлделі орындардан көрінді. Жеңімпаздар арнайы диплом және бағалый сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар