7-Қысқы Азия ойындары алауын 60 ақтөбелік алып жүрмек
АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Өткен сенбі күні Ақтөбеде облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Астана-Алматы-2011» 7-қысқы Азия ойындарының алауының тестілік аймақтық эстафетасы болып өтті.
Сынамалық эстафетаның қатысушылары облыстық әкімдік жанындағы алаңнан бастап, одан әрі бекітілген бағыт бойынша Тұңғыш Президент саябағына дейін барды.
Ішкі саясат басқармасынан хабарланғандай, Астана-Алматы-2011» 7-Қысқы Азия ойындарының алауының аймақтық эстафетасы Ақтөбеде 19 қаңтарда өтеді.
Барлығы алау эстафетасын 60 ақтөбелік алып жүреді, қосымша 9 адам қосалқылар сапында болады. Ақтөбеден кейін Азиада алауы Қостанайға аттанады.