7-Қысқы Азия ойындары допты хоккейдің Олимпиада бағдарламасына енуіне жасалған алғашқы қадам - ҚР Допты хоккей федерациясының Бас хатшысы

АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 2012 жылы Алматыдағы Медеу мұз айдынында допты хоккейден Әлем чемпионаты өтеді.

7-Қысқы Азия ойындары допты хоккейдің Олимпиада бағдарламасына енуіне жасалған алғашқы  қадам  - ҚР Допты хоккей федерациясының Бас хатшысы

Бұл жайлы ҚР Допты хоккей федерациясының Бас хатшысы Владимир Савченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім 28 қаңтар күні Мәскеуде өткен Халықаралық допты хоккей федерациясының конгресінде мақұлданған.

Жалпы допты хоккейден алғаш рет Әлем чемпионаты 1957 жылы Финляндияда өткен болатын. Оған КСРО, Швеция және Финляндия құрамалары қатысты. Ал 1961 жылы Норвегияда өткен 2-Әлем чемпионатында олардың қатарына жарыс қожайындары қосылды. Содан бері әрбір 2 жылда бір өтіп келе жатқан бұл байрақты бәсекенің қатысушылары өсу үстінде. Оған 1995 жылдан бері Қазақстанның ұлттық құрамасы қатысып келе жатыр. Соңғы Әлем чемпионаты биыл 24-31 қаңтар күндері Мәскеу қаласында болды.