7-Қысқы Азия ойындарына 36 алматылық спортшы қатысады

АЛМАТЫ. 19 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 30 қаңтар мен 6 ақпан аралығында өтетін 7-Қысқы Азия ойындарында бақ сынайтын 268 спортшының 36-сы - алматылықтар. Олар конькимен жүгіру, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғымен бағдарлау, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей (әйелдер командасы) сияқты спорт түрлері бойынша қатысады.
None
None

Алматылықтар үлесі Астанадағы жабық коньки стадионында өтетін конькимен жүгіру сайысында ұлттық құрамадағы бас бапкер Вадим Саютин үміт артқан 18 спортшының біреуін (Ирина Шумихина), Алматы облысындағы шаңғы-биатлон стадионында болатын шаңғымен бағдарлау жарысында Александр Исаченко тізгінін ұстаған Қазақстан құрамасындағы 12 спортшының екеуін (Денис Власов пен Мария Власова), Астанадағы республикалық велотректе сынға түсетін Құралай Ұзұрова баптайтын 8 мәнерлеп сырғанаушының үшеуін (Денис Тен, Кристина Прилепко, Марина Шишкина), Алматыдағы шаңғымен тұғырдан секіру кешенінде Қайрат Биекенов сенім білдірген 5 спортшының төртеуін ( Николай Карпенко, Алексей Королев, Евгений Левкин, Константин Соколенко), Алматыдағы «Шымбұлақ» шаңғы базасындағы тау шаңғысы бәсекесінде Сергей Чаадаев баптайтын ұлттық команда өнер көрсететін 8 шабандоздың бесеуін (Дмитрий Кошкин, Алексей Тельминов, Павел Черниченко, Екатерина Черепанова, Людмила Федотова), сондай-ақ Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында өтетін шайбалы хоккей жарысында Александр Мальцев жаттықтыратын әйелдер командасындағы 22 хокейшінің 21-ін ( Айжан Раушанова, Ғалия Нұрғалиева, Дарья Обыденнова, Анна Косенко, Наталья Трунова, Виктория Сазонова, Галина Шу, Ольга Конышева, Елена Штельмайстер, Виктория Мұсатаева, Альбина Супрун, Анастасия Орлова, Наталья Яковчук, Лариса Свиридова, Алена Фукс, Любовь Ибрагимова, Зарина Тухтиева, Ольга Потапова, Ольга Крюкова, Александра Ашихина, Татьяна Королева) құрап отыр. Олардың бұл жарыста сарапқа салынатын конькимен жүгірудегі - 12, тау шаңғысындағы - 6, шаңғымен тұғырдан секірудегі - 3, шаңғымен бағдарлаудағы - 8, шайбалы хоккейдегі -1, мәнерлеп сырғанаудағы - 4 медальдар топтамасы үшін таласуға мүмкіндігі бар.

Соңғы жаңалықтар