7-қысқы Азия ойындарына «Динамо» спорт қоғамының мүшелері құрама қоржынына 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль салды

АЛМАТЫ. 7 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-қысқы Азия ойындарында ұлттық құрама сапында 9 спорт түрі бойынша «Динамо» денешынықтыру және спорт қоғамының 44 спортшысы өнер көрсетті.
None
None

Олар бұл жарыста 12 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль олжалады. Ал бұл жарыста Қазақстан спорттың 11 түрі бойынша 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальмен бейресми жалпыкомандалық есепте 1-орын алған болатын. Онда «Динамодан» өскемендік фристайлшілер арасынан Юлия Галышева 2 алтын, Дмитрий Бормашов 1 алтын, 1 қола, Дмитрий Рейхерд 1 алтын, ал Юлия Родинова 1 күміс жүлде алды. Биатлонда көкшетаулық Александр Червяков 2 мәрте Азия ойындарының чемпионы, талдықорғандық Елена Хрусталева Азияның алтын және күміс жүлдегері атанды. Шаңғы жарысынан риддерлік Алексей Полтаранин 2 алтын, 1 қола, ал Сергей Черепанов 1 күміс медаль иеленді. Коньки тебуде қостанайлық Денис Кузин алтын жүлдені, қызылжарлық Дмитрий Бабенко 2 күміс, 1 қола жүлдені омырауына тақты. Тау шаңғысынан өскемендік Игорь Закурдаев 1 мәрте Азия ойындарының жеңімпазы және 2 мәрте күміс жүлдегер атанды. Шаңғымен тұғырдан секіруде алматылық Радик Жапаров қола, ал оралдықтар ерлер арасында тұңғыш рет Азия ойындарының бағдарламасына енген шайбалы хоккейден чемпиондық атақты жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар