7-қысқы Азия ойындарында тау шаңғышылары 2 күннің ішінде ел қоржынына 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль салды
АЛМАТЫ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында бүгін "Шымбұлақ» тау шаңғысы базасында ерлер мен әйелдер арасында супергигант жарыстары өтті. Онда қазақстандық спортшылар 1 алтын, 2 күміс медаль олжалады. Бұл сайыста Игорь Закурдаев Азия чемпионы атанса,
Дмитрий Кошкин мен Людмила Федотова күміс жүлдегер атанды. Кеше таудан жылдам құлдилау сынында Дмитрий алтын, Игорь мен Людмила күміс медаль алған еді. Ал қонақтардан Корея спортшылары 1 алтын, 1 қола медальға ие болған болатын. Бүгін қазақстандық шаңғышылар тағы да 1 алтын, 1 қола жүлде алды. Онда сондай-ақ, ерлер арасында ирандықтар алғашқы қола медалдерін жеңіп алды. Енді 3 ақпан күні ерлер, ал 4-інде әйелдер суперкомбинациядан сынға түсетін болады.