7 маусым күні елімізде өтетін маңызды іс-шаралар аңдатпасы
АСТАНА. KAZINFORM — Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 7 маусым күні елімізде өтетін мәдени және қоғамдық маңызды іс-шаралар аңдатпасын ұсынады.
АСТАНА
9.00-де Қазақстанның көмір өнеркәсібінің V форумы мен Халықаралық көмір химиясын дамыту конференциясы. Өтетін орны: Сауран көшесі 46, «Hilton Astana» қонақүйі, Astana Hall
9.00-де NU 10 когорта түлектеріне мерейтойлық дипломдарды тапсыру салтанатты рәсіміне шақырады. Өтетін орны: Қабанбай батыра 53, NU, Блок С2
10.00-де «Психотехнология әлемі: проблемалар мен перспективалар» Халықаралық конгресі өтеді. Мекенжайы: Қорғалжын тас жолы, 8 Maqsut Narikbayev University
10.00-де Қазақстан жастары мен ЖОО-ның «Жастар бірге – қалдықтар бөлек!» атты пластик жинау форумы өтеді. Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 15 Hilton Gardenn Inn
11.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» РММ баспасөз конференциясы. Тақырыбы: «Микроқаржы секторы жұмысының қорытындысы туралы» https://www.youtube.com/user/ortcomkz
14.45-те Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесе «Заманауи мемлекеттік қызмет: тең шарттар мен мүмкіндіктер» тақырыбандағы пікір алмасу алаңы өтеді. Өтетін орны: Казмедиа, «Конференц-зал» - 21 қабат.
15.00-де «Аутизммен ауыратын адамдарды инклюзиялау мен қолдаудың кешенді тәсілі: ерте диагностикадан әлеуметтенуге дейін» тақырыбында дөңгелек үстел. Мекенжайы: «I Plaza» бизнес орталығы, 7 қабат, «Ауыл» ХДПП конференц-залы
17.00-де «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ алаңында «Парасат» кәсіпкерлер альянсының «Қазақстанның көмірхимия саласын дамыту консорциумының» құрылу тақырыбы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Өтетін орны: Мәңгілік Ел даңғылы 55/20 блок С-4.1 конференц-зал 165,
АЛМАТЫ
10.00-де KASE «KEGOC эмитенті күнін» өткізеді. Өтетін орны: Байзақов көшесі 280 ғимарат, Smart Point. коворкинг орталығы.