7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке санатына енгізілмек - Парламент
АСТАНА. 5 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы өндіріске алынды.
«Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының, ҚР Қарулы Күштері Бас қолбасшысының 2012 жылғы 3 мамырдағы «Қазақстан Қарулы күштерінің 20 жылдығы туралы» бұйрығы негізінде әзірленіп отыр. Заң жобасы бойынша 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мемлекеттік мереке санатына енгізілетіні көзделеді», - деді заң жобасы бойынша түсінік берген Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева.