14:19, 06 Мамыр 2013 | GMT +5
7 мамыр - Отан қорғаушыларға, Қазақстан армиясының ардагерлеріне және қызмет етушілерге деген құрмет - Сенат төрағасы
АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің Интернеттегі жеке-парақшасы арқылы барша қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады.

«Биыл біз осы мейрамды мемлекеттік мереке ретінде алғаш рет атап өтіп отырмыз. 7 мамыр - барлық Отан қорғаушыларға, Қазақстан армиясының ардагерлеріне және қызмет етушілерге деген құрмет болып табылады. Өздерінің конституциялық және азаматтық борышына, әскери антқа адалдық, еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жауапты міндеттерді кіршіксіз орындау - осының бәрі Отан қорғаушылардың қасиетті міндеті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің сардарлары мен сарбаздары біздің Отанымызды өркендетуге аянбай атсалысқан ұлттық батырларымыздың ерлік дәстүрін абыроймен атқара береді деп сенемін. Әрқашан біздің еліміз бейбітшілік пен тыныштықта болсын, отбасыларымыз береке мен игілік мекеніне айналсын!», - деп жазады Сенат спикері.