7 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Назарбаев университетінде бірінші қазақ-француз Декарбонизация күні ұйымдастырылады.

9.30-да Астана халықаралық қаржы орталығында Еуразиялық өңірдің жыл сайынғы қаржы конференциясы «Astana Finance Days 2023» конференциясы (AFD) өтеді.

10.00-де Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымдық және кадрлық жұмыс туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Алдабергенова. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі және Instagram-дағы ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Қызылорда облысының әкімі Нәлібаев Нұрлыбек Машбекұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-деҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жеке сот орындаушыларының жұмысы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Республикалық жеке сот орындаушылар палатасының төрағасы Иманбаев Айдос Бейбітұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.30-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаровтың қатысуымен ірі америкалық компаниялармен инвестициялық дөңгелек үстел өтеді.

19.00-де Astana Opera театрында «ХХ ғасыр ырғағымен» концерті қойылады.