7 маусым күні Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі 7 маусым күні атмосфералық ағындар ықпалында болады, соның әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталып, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Бұл туралы Казгидрометке сілтеме жасап, ТЖМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақмола, Жамбыл, Қостанай облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с дейін жел күшеюі мүмкін.
Маңғыстау мен Атырау облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с-ке дейін жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады.
Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшейеді.
Республиканың батысында, орталығының кей жерлерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.
Жақын тәуліктерде республиканың оңтүстігінің және оңтүстік-шығысының көптеген таулы өзендерінде су деңгейінің тұрақсыздануы байқалады; Батыс Алтайдың (ШҚО) жекелеген өзендерінде, оның ішінде Қара Ертісте су шығынының ұлғаюы күтілуде. Қазақстанның жазықты аумағының өзендерінде гидрологиялық тәртіпте айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.