7 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 7 маусым күнгі «Есімдер» күнтізбесін ұсынады.
None
None

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1960) ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Берік Мәжитұлы ИМАШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1977 жылы Қарағанды орта мектебін бітірді. 1982 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің заң факультетін құқықтану мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.

Қызмет жолын прокуратура органдарында бастады. Бірнеше рет КазССР және Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрықтарымен марапатталды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметін атқарды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. Осы жылы Заңнама және құқықтық реформа жөніндегі комитет төрағасы болып тағайындалды. 2011 жылдан бастап Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық органдары жөніндегі комитетінің төрағасы. 2012-2016 жылдары ҚР Әділет министрі болып қызмет атқарды. 2016-2022 жылдары ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, ТМД Парламентаралық Ассамблея Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Астанаға 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған. Ю.Семеновтың «Детектив және саясат» Халықаралық қоры сыйлығының лауреаты.

61 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Игорь Иванович ПАНЧЕНКО дүниеге келді.

Шыығыс қазақстан облысы Лениногор қаласында дүниеге келген. Алматы қаласы Қазақ политехникалық институтының «Тау-кен өндірісін автоматтандыру және механикаландыру» факультетін, 2007 жылы Халықаралық бизнес академиясын бітірген.

Шығыс Қазақстан облысы Лениногор полиметал комбинатының мырыш зауыты электр монтерінің оқушысы, жылу цехының электр монтері, механигі (1978-1997) болып бастаған. Біраз жылдар «Қазмырыш» ААҚ мырыш зауытында әртүрлі лауазымды қызмет атқарған. Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, Пригородный ауылдық округінің әкімі, Риддер қаласы әкімінің орынбасары болды. «Казцинк» ЖШС-інде түрлі қзметтер атқарған. 2012-2016 жылдары Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қалалық мәслихатының бесінші шақырылым хатшысы. 2016-2020 жылдары Риддер қалалық алтыншы шақырылым мәслихатының хатшысы.

2021 жылғы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

49 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Талғат Бақтиярұлы СӘТИЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Семей геологиялық барлау техникумын, В. И. Ленин атындағы Қазақ ұлттық политехникалық институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша техник-геофизик, тау-кен инженері.

Еңбек жолын 1992 жылы Семей қаласындағы полигонға қызмет көрсету бойынша жұмысшы болып бастаған. Семей қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» мемлекеттік мекемесінің жер қойнауын қорғау және пайдалану жөніндегі Семей инспекциясында түрлі лауазымдары атқарған. 2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Өскемен қаласындағы «Шығысқазжерқойнауы» Геология департаментінің басшысы қызметінде болды.

2014 жылдан бастап 2019 жыл аралығында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2019-2020 жж. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Қазіргі қызметін 2020 жылдың тамыз айынан бері атқарып келеді. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды (2019).

44 жыл бұрын (1978) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Ғалымжан Амантайұлы АМАНТАЙ дүниеге келді.

Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетін, Қазақстан Халықтар Достығы университетін бітірген.

Еңбек қызметі: «WIS K Ltd» ЖШС Oil инспекторы (1999-2005); АІІБ учаскелік полиция инспекторы (2005-2006); ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің консультанты (2006-2007); Мемлекеттік қызмет және оған қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуын бақылау бөлімінің консультанты (2007-2009), ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасының Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі (2007-2009). Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының Құқықтық сараптама және кадр жұмысы бөлімінің бастығы (2009-2010), Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы (2010-2012), ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің құқықтық қамтамасыз ету және әкімшілік ету бас сарапшысы (01.2012-10.2012), Инспекция және ветеринария бөлімінің консультант-инспекторы (01.2012-10.2012), ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті (2012-2014); ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті Тәртіптік-әкімшілік практика және мемлекеттік қызметтер басқармасының бас инспекторы (2015-2016), Түркістан облысы Шардара ауданының аппарат басшысы (2016-2021).

Атқаратын лауазымында - 2021 жылғы қарашадан бастап.

40 жыл бұрын (1982) ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы ЕРКІНБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысының Шу қаласында туған. Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын, Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген. 2009-2013 жылдар аралығында «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары – «Медеу» спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды. 2019 жылдың қазан айы мен қараша айлары аралығында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы« АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарды. 2019-2021 жылдары «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қазан айынан бері.


Соңғы жаңалықтар