7 мың гектар орман отқа оранды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сібірде 7 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп жатыр. .
Сібір федеральды округінде 28 өрт ошағы тіркелген, деп хабарлады Ресей орман шаруашылығынан
Жалын тілі шарпыған аумақ 6,5 мың гектардан астам. Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер 16 өрт ошағын сөндіріп үлгерді. Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңға жуық орманды қорғау мамандары, сондай-ақ арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды РСН.