7 мыңға жуық атыраулық медициналық мекеме таңдау құқығын пайдаланды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 7 мыңға жуық атыраулық медициналық мекеме таңдау құқығын қолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҰАҚ Атырау облыстық бөлімшесінің директоры Байтолла Ғазизов айтты.

Спикердің айтуынша, биыл көптеген қатысушылар жеке медициналық ұйымдарды таңдаған.

«Атырау облысы бойынша 627 258 адам тіркелген, оның ішінде  6 592 тұрғын медициналық ұйымды таңдау құқығын пайдаланды. Атырау тұрғындары көшкен кезде, емханалар қайта құрылғанда, оның ӘМСҚ-мен келісімшарты біткен кезде немесе тұрғылықты жерінде жаңа емхана ашылған кезде ӘМСҚ-мен келісім жасалған кез келген емханаға жылына бір рет тіркеле алады», - деп хабарлады Байтолла Ғазизов.null 

Б.Ғазизов атап өткендей, таяу уақытта емхана арқылы тіркелу мүмкіндігі алынып тасталады. Себебі, бұл жүйелік проблемаларды шешу және асыра пайдаланушылық және бұрмалаушылық фактілеріне жол бермеу үшін қажетті шараларға айналды.

«Бұған ешкім де алаңдамау керек. Біріншіден, емханаға тіркелу үшін баратын жандар Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Онда connection points бұрыштары жабдықталып, egov порталына қосылған және қызмет көрсетуге көмектесетін кеңесшілер жұмыс істейді. Екіншіден, Egov.kz сайтының Telegram-боты жасалған. Оның көмегімен смартфон арқылы бірнеше минуттың ішінде тіркелуге болады. Үшіншіден, балаларыңызды да онлайн тіркеуге мүмкіндік бар. Бұл жүйе сіздің туыстарыңыз туралы деректерді автоматты түрде жүктейді. Ол үшін артық құжаттар қажет емес»,  - деп түсіндірді Байтолла Ғазизов.

Айта кетейік, биыл Атырау облысы бойынша компанияға 19 медициналық ұйым қатысты. Тіркелуге болатын емханалардың тізімі Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайтында бар. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум