7 мыңға жуық тасбақа табиғатқа еркіндікке жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жеті мыңға жуық тасбақа еркіндікке жіберілді, деп хабарлайды 24.kz тілшісі.
None
None

Бауырымен жорғалаушы жәндіктер контрабандалық жолмен Ресей асырылмақ болған. Мамыр айының бас кезінде тәркіленген тасбақалар енді «Арыс-Қарақтау» мемлекеттік табиғи қорығының ерекше қорғалатын аймағында өмір сүрмек. Өйткені оңтүстік өңірі дала тасбақаларының табиғи ортасы.

Облыстық аумақтық инспекция мамандары Алматы қаласындағы Зоологиялық зерттеу институтының қызметкерлерімен бірлесіп әрбір тасбақаны арнайы белгілеп шықты. «Ол жәндіктерді бақылауға алып, келесі жылы санақ жүргізуге мүмкіндік береді», - дейді мамандар.

Бір қызығы, тасбақаның үстіндегі сүйек сауытына қарап оның жасын да ажыратуға болады. Ғылыми қызметкерлердің пайымдауынша, еркіндікке жіберілген жәндіктердің ең жасы 4 жаста. Бір жерге шоғырланып қалмас үшін олар бірнеше аумаққа бөліп жіберілді.

«Жалпы, тасбақалардың кейбір түрі Халықаралық табиғи қорғау одағының Қызыл кітабына енгізілген», - дейді мамандар.

«Осы мекен ету ортасына жіберілгеннен кейін осы жердің бекітілген инспектор мамандарымен қатаң бақылауда болады. Енді ірі көлемде контрабандалық жолмен - 6 мыңнан астам бас тасбақа біздің облыста алдыңғы жылдарда тіркелген емес», дейді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Нұрболат Құдайбергенов.

Соңғы жаңалықтар