7 наурыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 7 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

7 наурыз. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

75 жыл бұрын (1947) техника ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Досым СҮЛЕЕВ дүниеге келді.

ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы, өндіріс автоматизациясы, еңбек қорғау, акустикалық экология саласындағы жоғары мектепті ұйымдастырудағы белгілі маман. Профессор Д.Қ. Сүлеевтің жетекшілігімен 1 докторлық диссертация, 8 кандидаттық диссертация қорғалды. Қазақстанның еңбік сіңірген қайраткері.

74 жыл бұрын (1948-2001) ақын, Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, М. Әуезовтің 100 жылдығына, сондай-ақ Қарабура әулиеге арналған ақындар мүшәйраларының бас жүлдегері Жарасқан ӘБДІРАШЕВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

1969-1994 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакциясының бөлім меңгерушісі, «Тамаша» ойын-сауық театрының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның алғашқы жинағы «Тұңғыш кітабы» деген атпен 1969 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Перзент парызы», «Дала сенің ұлыңмын», «Ақ қайраң», «Соғыстан соң туғандар», «Досың болғым келеді», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагордың, П. Элюардың, Я. Купаланың, К. Чайковскийдің, А. Бартоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің шығармалары да неміс, венгр, орыс украин, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған.

60 жыл бұрын (1962) Қазақстан республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әбілфас Мүслімұлы ХАМЕДОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, 2016 жылы Мәскеудегі Халықаралық сәулет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 1980-1982 жылдары – АМАӨБ № 2 Автокомбинатының жүргізушісі; 1982-1982 жылдары – №55/70 дүкенінде уақытша жүк тиеуші;1982-983 жылдары – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде тас қалаушы; 1983-1990 жылдары – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде шебер;1990-1994 жылдары – ЖМК-5 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінің бас инженері; 1994-2003 жылдары – «Наргиз» ШК директоры; 2003-2021 жылдары – «Центрпласт» директоры, 2016 жылы «АХЭКО» ЖШС болып өзгертілді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі. 2003 жылдан – Қазақстан әзербайжандарының республикалық қауымдастығының басшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. 2017-2018 жылдары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтардан бастап.

«Құрмет» орденімен, II дәрежелі «Достық» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

58 жыл бұрын (1964) Олимпиада чемпионы, төрт дүркін күміс және екі мәрте қола жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы Владимир Михайлович СМИРНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысында туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. Ол Қазақстан және КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 30 шақырым қашықтықтан шаңғыдан әлем кубогының иегері атанды. Олимпиада ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде алды. 1993-1995 жылдардағы әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. 2003 жылдан – Қазақстан биатлоншылары одағының президенті. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Норвегияның ең жоғары марапаты – Холменколлен медалімен наградталған. Профессор. 2011 жылы Қазақстанда өткен қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушылардың бірі.

56 жыл бұрын (1966) Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2019 жылдан), Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы мен Аустралия Одағындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2020 жылдан) қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы АРЫСТАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Экономика факультетін бітірген. 1994-1996 жылдары – ҚР Ұлттық банкінің валюталық реттеу департаменті директорының орынбасары, Халықаралық қатынастар департаментінің директоры; 1996-1998 жылдары – «АТФ Банк» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, Коммерциялық департаментінің бастығы, Басқарма төрағасының орынбасары; 1998-2000 жылдары – «Қазақстан халықтық жинақ банкі» ААҚ облыс филиалы директорының бірінші орынбасары, Несие департаментінің директоры, басқарушы директоры, Несие тәуекелдері департаментінің директоры, Басқарма төрағасының кеңесшісі; 2000-2006 жылдары – «Қазпочта» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары, төрағасы; 2005 бастап –Байланыс саласындағы Аймақтық достастықтың пошта операторлары кеңесінің төарағасы; 2006 жылы 4 қыркүйекте Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы болып тағайындалды; 2008 жылы 25 сәуірден бастап – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының мүшесі. 2011 жылы 14 сәуірде Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы қызметінен босатылды. 2011-2013 жылдары – «Қазпочта» ААҚ Басқарма төрағасының төрағасы; 2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігінің Инвестициялар жөніндегі кеңесшісі.


Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды
Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында нөсер салдарынан көпірлерді су шайып, 81 адам эвакуацияланды