7 наурыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 7 наурыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. 1970 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеу техникасы факультетін бітіріп, техникалық кибернетика кафедрасында инженер қызметіне қалдырылды. Мәскеудің Болат және қорытпалар институтының аспирантурасының күндізгі бөлімін тәмамдап, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғағаннан кейін, Қазақ политехникалық институтына педагог ретінде жіберілді.
Институт қабырғасында ассистенттен доцент қызметіне дейін және институттың партия кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне дейін көтерілді. 1984 жылдан Алматы қалалық партия кеңесінің Білім беру бөлімінде қызмет атқарды. 1986 жылдың сәуірінен бастап, 10 жыл бойы Алматы энергетикалық институтында оқу жұмысы жөніндегі проректоры қызметін атқарды. 1997 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Білім беру және Мәдениет министрлігінің Жоғары және арнайы білім беру департаментінің директоры қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасының Білім беру, Мәдениет және Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Басқару департаментінің директоры қызметін атқарды. 2001 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қоғамдық мәдени даму бөлімінің бастығы қызметіне ауыстырылды. 2001 жылдың шілде айында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Университеттің ректоры болып тағайындалды. 2004 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының Жер туралы ғылым бөлімінің төрағасы болып тағайындалды. Досым Қасымұлы – көптеген жылдар бойы Қазақстан Республикасы Ғылым және білім беру минстрлігінде және жоғары оқу орындарында басшылық жұмыстар атқарған, жоғары мектеп жүйесіндегі оқу-тәрбие және ғылыми жұмыстардың тәжірибелі, талантты ұйымдастырушысы.
Ол «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін салушы және алғашқы басқарушысы. «Дос-Мұқасан» – Бүкілодақтық талантты эстрада әртістері сайысының және Берлин қаласында өткен Х Бүкіләлемдік жастар және студенттер фестивалінің лауреаты. Д.Қ. Сүлеев халыққа танымал «Той жыры», «Алматы түні», «Жан досым» сияқты тағы басқа 20 өлеңнің және әуеннің авторы. Оның өлеңдері мен әуендері Республикалық теледидар және радио музыкалық қорына енген. Бірнеше грампластинкалар мен авторлық музыкалық шығармалар жинағы шығарылған. Ол – ірі ғалым, басқару және автоматтандыру және білім берудің қазіргі заманғы технологиялары саласының маманы. Ғылым жолында ғылыми мақала, соның ішінде монографиялар, студенттерге және техникалық жоғарғы оқу орындарының оқытушыларына арналған оқу құралдарын жазып шықты. КСРО-ның екі медалімен және Қазақстан Республикасының 3 медалімен. 2007 жылдың қазан айында «Петр Великий» орденмен марапатталды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері» құрметті атағымен, «Әлемнің көрнекті ғалым-педагогі» атағымен – (Халықаралық Библиографиялық орталық, Кембридж, Англия), А.Байтұрсынұлы атындағы күміс медалмен марапатталды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрметті қызметкері.

Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. 1969-1994 жылдары «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Жалын» альманахында, «Жұлдыз» журналында жұмыс істеген. Қазақстан Жазушылар одағы жанындағы Көркем аударма және әдеби байланыстар жөніндегі бас редакциясының бөлім меңгерушісі, «Тамаша» ойын-сауық театрының бас редакторы қызметтерін атқарған. Ақынның алғашқы жинағы «Тұңғыш кітабы» деген атпен 1969 жылы жарық көрген. Содан бергі уақытта «Перзент парызы», «Дала сенің ұлыңмын», «Ақ қайраң», «Соғыстан соң туғандар», «Досың болғым келеді», т.б. кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында Р.Тагордың, П. Элюардың, Я. Купаланың, К. Чайковскийдің, А. Бартоның шығармаларын қазақ тіліне аударған. Өзінің шығармалары да неміс, венгр, орыс украин, өзбек, тәжік, әзірбайжан, түркімен, қырғыз, саха тілдеріне аударылған.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1989 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша, 2016 жылы Мәскеудегі Халықаралық сәулет академиясын бітірген. Еңбек жолы: 1980-1982 жылдары – АМАӨБ № 2 Автокомбинатының жүргізушісі; 1982-1982 жылдары – №55/70 дүкенінде уақытша жүк тиеуші;1982-983 жылдары – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде тас қалаушы; 1983-1990 жылдары – ЖМК-714 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінде шебер;1990-1994 жылдары – ЖМК-5 «Алма-Ата Сельстрой 7» тресінің бас инженері; 1994-2003 жылдары – «Наргиз» ШК директоры; 2003-2021 жылдары – «Центрпласт» директоры, 2016 жылы «АХЭКО» ЖШС болып өзгертілді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі. 2003 жылдан – Қазақстан әзербайжандарының республикалық қауымдастығының басшысы. Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. 2017-2018 жылдары – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (2021-2023).
«Құрмет» орденімен, II дәрежелі «Достық» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен, «10 жыл Астана», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

Ақмола облысында туған. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген. Ол Қазақстан және КСРО біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпазы, 30 шақырым қашықтықтан шаңғыдан әлем кубогының иегері атанды. Олимпиада ойындарында 1 алтын, 4 күміс, 2 қола жүлде алды. 1993-1995 жылдардағы әлем чемпионаттарында 3 алтын, 2 күміс, 1 қола иеленді. 2003 жылдан – Қазақстан биатлоншылары одағының президенті. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет», «Даңқ» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Норвегияның ең жоғары марапаты – Холменколлен медалімен наградталған. Профессор. 2011 жылы Қазақстанда өткен қысқы Азия ойындарын ұйымдастырушылардың бірі.