7 наурызда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - Қазгидромет

АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - 7 наурызда Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жекелеген жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Республиканың шығысында аздаған жауын-шашын жауып, негізінен күн райы ашық болады деп күтілуде.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.

Ақмола және Қостанай облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау және Қарағанды облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Атырау облысында қарлы бұрқасын болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алакөл өзенінің ауданында желдің екпіні 20-25 м/с құрайды.

Соңғы жаңалықтар