7 наурызда жел күшейіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с.
Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.