7-нші қысқы Азия ойындарына дайындық аясында Астанада шайбалы хоккейден ерлер арасында сынамалық жарыстар өтеді
АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 7-нші қысқы Азия ойындарына дайындық аясында 11-13 желтоқсан күндері Астанадағы «Қазақстан» спорт кешенінде шайбалы хоккейден ерлер арасында сынамалық жарыстар өтеді.
Бұл туралы Азия ойындарын Ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясынан мәлім етті.
Жарыстарға шайбалы хоккейден қазақстандық төрт команда қатысады. Олар - «Алматы», «Астана -94», «Көкшетау» және «ҚазТрансОйл».
Атқарушы дирекциядан хабарлағандай, сынамалық жарыстар алдағы 7-нші қысқы Азия ойындарына спортшыларымыздың дайындығын, сондай-ақ Спорт кешенінің техникалық қызметін, төрешілер корпусы мен еріктілердің әзірлігін тексеру мақсатында ұйымдастырылып отыр.