7 өңірде үсік жүреді - Қазгидромет

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 21 мамыр күні жаңбыр күтіледі. Тек батыста және және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 7 өңірде үсік жүреді - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде найзағай, тұман 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз желдің күші 23-28 м/с артуы мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысында найзағай күтіледі.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 1-6 градусқа дейін, Қостанай және Қарағанды облыстарында -3 градусқа, Ақтөбе облысында -1 градусқа дейін суытады. Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде -1 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.