7 өңірдегі инфляция орташа республикалық деңгейден асып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың басынан бері инфляция 5,6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндама жасаған Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 7 өңірдегі инфляция орташа республикалық деңгейден асып кетті

Оның айтуынша, елімізде инфляциялық процестердің бәсеңдеуі байқалады. Мәселен, өткен айда инфляция 0,2 пайызға дейін бәсеңдеген. 2016 жылдың басынан бастап инфляция 5,6 пайызды 2015 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 2,9%) құрады. Азық-түлік емес тауарлардың 6,8 пайызға қымбаттауы инфляцияға 2,2 пайыздық  үлес қосып отыр.

«Азық-түлік тауарларының бағасы 4,9, ақылы қызметтер 5,3, оның ішінде реттелетін қызметтер 7,6 пайызға өсті. Өңірлік бөліністе 7 өңірде инфляцияның орташа республикалық деңгейден асып кетуі байқалады. Ең жоғары инфляция Маңғыстау облысында 7,2 пайыз деңгейінде, Астана қаласында 6,6 және Оңтүстік Қазақстан облысында 6,4 пайыз деңгейінде тіркелді», - деді Бишімбаев.