7 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 сәуір күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

9.00-де Назарбаев университетінің Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық мектебі «ЖАС ҒАЛЫМ-V» атты студенттердің дәстүрлі республикалық ғылыми конференциясын ұйымдастырады. Студенттік конференция Алаштың ұлттық мінберіне айналған «Қазақ» газетінің 110 жылдық мерейтойына арналады.

11.00-де Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «2023 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық барысы туралы» онлайн брифинг өтеді. Спикер: Мемлекеттік өрт бақылау басқарамасының бастығы Еркін Отарғалымұлы. Онлайн баспасөз конференциясы «Астана қаласы коммуникациялар қызметінің» Facеbook-тегі (facebook.com/rsk.astana01) және Instagram-дағы (instagram.com/rsk.astana) ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Байбосынның «Өнер көзі – халықта» атты шығармашылық көрмесі өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Күрес түрлері бойынша Азия чемпионатын өткізу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Бектенова Айгүл Бақытжанқызы; Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы Сұлтанов Димаш Рафхатұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Ұлттық музейде «Т. Жүргенов және қазақ руханияты» атты дөңгелек үстел және журналист Майя Бекбаеваның «Т. Жүргеновтің өмірі мен қызметі» деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

14.00-де Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Жұмақын Қайрамбаевтың және оның шәкірттері мен қонақ суретшілердің «IZDER IV/ПЕРІШТЕ ІЗІ» көрмесі ашылады.

19.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Үйлену» музыкалық комедиясы көрсетіледі.

19.00-де Astana Opera театрында Сергей Рахманиновтың «АЛЕКО» бір актілі операсы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар
Референдум