16:53, 05 Сәуір 2012 | GMT +5
7 сәуірде Астанада Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған «Белсенді ұзақ өмір» акциясы өтеді
АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - 7 сәуірде Астанада Бүкіләлемдік денсаулық күніне арналған «Белсенді ұзақ өмір» акциясы өтеді,

деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Шара шеңберінде салауатты өмір салтының түрлі аспектілері, денсаулықты сақтау және нығайту мәселелері бойынша мамандар кеңес беріп, қан қысымын өлшеу сияқты шаралар ұйымдастырылады. Қариялардың қатысуымен «Тайцзи-цюань» сауықтыру бағдарламасы және қытай гимнастикасы бойынша шеберлік-сабақтар өткізіледі. Акцияға қатысушылар арасында байқаулар, сұрақ-жауаптар, спорттық жарыстар ұйымдастырылады. Акцияға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.