7 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 7 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

7 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-да ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысы өтеді. Отырыс палатаның сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.00-да ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде «БАҚ-та суицид тақырыбын жазу жауапкершілігі» атты панельдік дискуссия өтеді.

Оған Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісінің орынбасары Адам Мачей Мадалинский, ДДСҰ ресми өкілі-Қазақстандағы ДДСҰ елінің басшысы, доктор Кэролайн Кларинвал, Қоғамдық денсаулық ұлттық орталығының өкілі Жанар Қалмақова, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан Медиа Альянсы» қоғамдық бірлестігі өкілдігінің директоры Қанат Сахариянов қатысады.

Сонымен қатар іс-шараға психологтар, суицидологтар, БАҚ басшылары мен қоғам қайраткерлері қатысады.

Көрсетілім сілтемелері: Youtube және Facebook.

10.00-де ҚР Қарулы күштері Әскери-тарихи музейінде тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға арналған «Ерлікке жетелеген жол» көрмесі өтеді.

18.30-да Forte Kulanshi Art Space галереясында «Шығыс уақыты» көрмесі ашылады.

19.30-да «Қазақстан» орталық концерт залында «Astana Musical» мемлекеттік театры «ЕНТ» қойылымына шақырады.