7 тамыз. Kazinform күнтізбесі. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 7 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
60 жыл бұрын (1966) — мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Дүниежүзілік этноспорт федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Қанайұлы ТІЛЕУХАН дүниеге келді.
Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын және аспирантурасын бітірген.
Еңбек жолы: 1992-2001 жылдары Алматы консерваториясының оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі, 1996-1997 жылдары Республикалық гвардия жанындағы Президент оркестрі фольклорлық ансамблінің жетекшісі, 1997-2001 жылдары Президент оркестрінің көркемдік жетекшісі, 2001-2002 жылдары ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, 2002-2003 жылдары ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі, 2003-2004 жылдары ҚР Мәдениет вице-министрі, 2004-2007 жылдары «Нұр Отан» партиясы тізімі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты болды. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті, 2016-2021 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің алтыншы шақырылымдағы депутаты, 2021 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымдағы депутаты болды.
2021 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі қызметінде.
«Парасат» орденімен марапатталған. ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының және ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
54 жыл бұрын (1972) саясат қайраткері Ольга Александровна БУЛАВКИНА дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша, 2000 жылы қаржы және несие мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1993-2000 жылдары мамандағы бойынша түрлі салаларда қызмет атқарған. 2000-2001 жылдары «ШҚО қоршаған ортаны қорғау қоры» ММ бас маманы, 2002-2008 жылдары «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ жалпы, қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, 20018-2012 жылдары «Шемонаиха ауданы әкімінің аппараты» ММ қаржы-шаруашылық бөлімінің бастығы, 2012-2014 жылдары ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары, 2014-2016 жылдары «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы төрағасының орынбасары, 2016-2019 жылдары — ШҚО Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары ШҚО Бородулиха ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2020-2026 жылдары ҚР Парламенті Сенатының Шығыс Қазақстан облысынан сайланған депутаты болды.
«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.
52 жыл бұрын (1974) Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Хасенұлы ШАЛХАРОВ дүниеге келді.
Түркістан облысында туған. 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан ашық университетін «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 1996-2003 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарындағы қызметін қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастады. Кейінгі жылдары бопсалаушылыққа, ұйымдасқан қылмысқа, тонау мен қарақшылыққа қарсы күрес бөлімшелерінде жедел және басшылық лауазымдарды атқарып, Шымкент қаласының қылмыстық іздестіру және криминалдық полиция бөлімшелерін басқарды. 2004-2009 жылдары ішкі істер органдары жүйесінде басшылық қызметтер атқарды. Шымкент қаласының аудандық ішкі істер басқармалары бастықтарының орынбасары және бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары және бастығы, Түркістан қаласы мен Мақтаарал ауданы ішкі істер басқармаларының бастығы, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары ІІД Штаб басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. 2009 жылдан бастап Қызылорда, Алматы және Ақтөбе облыстарының ішкі істер органдарында басшылық қызметтер атқарды. Әр жылдары полиция департаменттері бастықтарының орынбасары және бірінші орынбасары, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының бастығы, сондай-ақ ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.2024-2026 жылдары Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2026 жылдың маусымынан бері атқарып келеді.
50 жыл бұрын (1976) ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы Мереке Мәтімұлы КҮШІКБАЕВ дүниеге келді.
Орал (қазіргі Батыс Қазақстан) облысында туған. 1997 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін, 2007 жылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы ұлттық қорғаныс университетін, 2017 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының әскери академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2003-2005 жылдары 43053 әскери бөлімшенің танк взводының, танк ротасының командирі, штаб бастығы — танк батальоны командирінің орынбасары, батальон командирі; командирі, 2005-2007 жылдары 32039 әскери бөлімшесінің командирі, 25744 әскери бөлімшесінің штаб бастығы — командирдің бірінші орынбасары, 2007-2012 жылдары 10810 әскери бөлімшесінің командирі, 2012-2013 жылдары 25744 әскери бөлімшесінің командирі, 2013-2017 жылдары өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) — «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, 2017 жылы Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары (жауынгерлік даярлық бойынша) — ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының басқармасы жауынгерлік даярлық басқармасының бастығы, 2017-2020 жылдары штаб бастығы — ҚР ҚК ӘҚ десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, 2020-2021 жылдары «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы. 2021-2022 жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Аэро-десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің қолбасшысы, 2023-2024 жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары қызметінде болды.
2024 жылдың қараша айынан бастап қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1976) Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұржан Мақсотұлы ЕРМҰХАНОВ дүниеге келді.
Атырауда туған. 1998 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін, 2002 жылы Атырау мұнай және газ институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын Атырау қаласындағы № 27 мектептің мұғалімі болып бастаған. Кейін Атырау қалалық әкімі аппаратында бас маман, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы, № 1 аумақтық округ әкімі лауазымын атқарған. Атырау облысы әкімдігінде мұнай-газ кешенінің сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялық саясат басқармасының бас маманы, жетекші маманы болып жұмыс істеген.
Қазіргі қызметін 2026 жылдың шілдесінен бері атқарып жатыр.
43 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2021 жылдан), Қазақстан Республикасының Бруней-Дарусссаламдағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2022 жылдан) Болат Болатұлы СҮГІРБАЕВ дүниеге келді.
Целиноград (қазіргі Астана) қаласында туған. 2005 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар институтын елтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолы: 2005-2008 жылдары ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің үшінші хатшысы, атташесі, 2008-20012 жылдары Сингапурдағы Қазақстан елшілігінің үшінші, екінші, бірінші хатшысы, 2012-2015 жылдары ҚР СІМ Халықаралық комитетіндегі қызметте болды. 2015-2021 жылдары ҚР СІМ Америка департаментінің жетекшісі лауазымын атқарған.
2021 жылдың ақпанынан бастап қазіргі қызметінде.
2015 жылы «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін», 2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», 2017 жылы «ҚР дипломатиялық қызметіне 25 жыл», 2020 жылы «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медальдарымен марапатталған.