7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі
ПАРИЖ. KAZINFORM – Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі.
Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде есу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.
Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.
7 тамыздағы жарыс кестесі:
Байдарка мен каноэде жүзу
13:40. Ерлер. 1000 метрге байдаркамен есу. Бекарыс Рамазан
Грек-рим күресі
14:00. Ерлер. Бастапқы кезең. 87 келіге дейін. Нұрсұлтан Тұрсынов
Байдарка мен каноэде жүзу
14:40. Ерлер. 1000 метрге жалғыз каноэмен есу. Сергей Емельянов
15:37 Таэквондо. Ерлер. 1/8 финал. 58 келіге дейін. Самирхон Абабакиров - Вито Деллакила (Италия)
15:45. Тректегі велоспорт. Ерлер. Спринт. Іріктеу. Андрей Чугай
Бокс
01:51. Ерлер. Финал. 80 келіге дейін. Нұрбек Оралбай - Александр Хижняк (Украина)
Грек-рим күресі
Ерлер
21: 45. 77 келіге дейін. Демеу Жадраев - Нао Кусака (Жапония)