7 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 7 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

7 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

9.15-те «Хилтон Экспо» қонақ үйінде Түркі кеңесінің Жұмыс тобы туризм бойынша 13-отырысын өткізеді.

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады. 

11.00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.

16.00-да Астана LRT ғимаратында «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық «Нұр» филиалы «Жоғарғы технологиялардың дамуы» партиялық кураторлар комиссиясының отырысын өткізеді.

АЛМАТЫ

9.30-да «Қазақстан» ІІМ санаторийінде «Ядролық сынақтар мен оның салдарына мониторинг»  тақырыбында Х халықаралық конференция басталады.

10.00-де Сайын көшесіндегі METRO сауда орталығында отандық көкөністер сұранысы, дүкен сөрелеріндегі отандық өнімдер туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Бірыңғай жинақтық зейнетақы қорында 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы БЖЗҚ қызметіне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

ҚОСТАНАЙ

15.00-де зағип және көру қабілеті нашар велошабандоздардың халықаралық BLIND RACE ASTANA-PARIS веломарафоны өтеді.