7 тамыз күні республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 тамыз күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты републиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай бақыланады, оңтүстігінде және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.
Республиканың солтүстік және орталығының кей жерлерінде тұман күтіледі. Кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Алматы, Атырау облыстарында, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады. Павлодар облысының кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Күндіз Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.