7 тамызда республиканың төрт облысында бұршақ жаууы мүмкін
АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - 7 тамызда республикада найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде шаң көтеріліп, дауыл тұрады.
Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында жел 15-20 м/с-қа күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде найзағай жарқылдайды.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа күшейеді, күндіз найзағай жарқылдайды.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, шаң көтеріліп, дауыл тұрады, жел 15-22 м/с-қа күшейеді.
Алматы облысында, кей жерлерде Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз қатты ыстық сақталады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.