7 жасар бала жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысының Федоров ауданында қозғалыс үстіндегі жүк көлігінің есігі ашылып кетіп, 7 жасар қыз қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

7 жасар бала жүріп келе жатқан көліктен құлап мерт болды

Қайғылы оқиға 10 қараша күні Придорожное ауылында болған. «ЗиЛ» маркалы жүк көлігі Лысановка кеңшарына бара жатқан. Жолда жолаушылар отыратын жақта есік ашылып кетіп, қыз бала құлап кеткен.

«7 жасар қыз көлік дөңгелегінің астында қалып, оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.