7 жастағы бала екі рет обырды жеңді - ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасы жетіге енді толған бала екі рет обыр дертін жеңді. Ғаламторда Локи деген атпен танымал Лафлин Уайтлиге ақпан айында сирек кездесетін лейкемия дертіне шалдыққаны туралы диагноз қойылып, миына ота жасалған болатын, деп жазады Day.Az.

7 жастағы бала екі рет обырды жеңді - ФОТО

Сәті түсіп, қажетті донор табылған соң Great Ormond Street Hospital ауруханасының дәрігерлері оған ота жасады. Сөйтіп, баланың ата-анасына қуанышты хабарды - Локидің жазылғаны әрі үйіне қайтуға болатыны туралы хабарлаған.

Лафлиннің отбасы донорды қажет ететін науқастарға көмектескісі келетіндерге арнап «Unlock a Life for Lockey» ұйымын ашқан. Оған донор боламын деген адамдар хабарласып, көмекке зәру науқастармен байланысқа шыға алады.

Алғаш рет 2011 жылы Лафлиннің миында қатерлі ісік бары анықталып, бір рет ота жасалған-ды. Ал 2013 жылы оның лейкемияның сирек кездесетін түріне шалдыққаны туралы белгілі болды. Ағылшын дәрігерлері Лафлинді жеті жасында екі бірдей обыр дерті қойылған әрі оны жеңіп шыққан алғашқы бала деп отыр.