7 жасынан өлең жазған оқушы Қалижан Бекқожин оқуларының жеңімпазы атанды

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, Қ.Бекқожин атынағы № 12 мектебінде жалпы білім беру оқу орындарының 5-9 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған байқауда екі аталым бойынша 53 оқушы бақ сынаған. Балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтып, жас дарындар өз туындыларын оқыды. - Гүлнар Жанболат ХІ қалалық Абай және Махамбет және Қалижан оқуларында бас жүлдені иеленсе, студенттер арасында өткен Мәшһүр-Жүсіп оқуларында алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, домбыра тартып, ән салады. Әдеби кітаптарды көп оқиды, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын пір тұтады, - дейді білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханова.
Айта кетерлігі, қазылар алқасының шешімі бойынша барлығы сегіз оқушы жүлделі орын алған. Олардың ішінде № 38 ЖОМ 8-сынып оқушысы Сатбол Ердос, № 20 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Әсия Садықова, № 35 ЖОМ 6-сынып оқушысы Әсел Нұрханова, «Стикс» ЖОМ 6-сынып оқушысы Богдан Борецкий, № 37 ЖОМ 8-сынып оқушысы Айсана Усаханова, № 12 ЖОМ 7-сынып оқушысы Бауыржан Сайабеков және № 24 ЖОМ 6-сынып оқушысы Диана Резуанова бар.