7 желтоқсанда республикадағы қай жолдарда шектеу бар

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

7 желтоқсанда республикадағы қай жолдарда шектеу бартау
Фото: Pexels

Ақмола облысы

Республикалық маңызы бар «KAZ02 Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 18-231-шақырым аралығында көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 110 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «KAZ01 Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164-шақырым аралығында (Анар стансасынан Теміртау қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектеуі 140 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін төмендетіледі.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) жүк көліктерінің қозғалысына шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Еске салайық, бұған дейін 6 желтоқсанда екі облыстағы автожол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектелгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар