7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - 2009 жылдан бастап республиканың кәсіпорындарында жалақы бойынша қарыздарды анықтау мен оны өндіру жөнінде мемлекеттік органдардың қабылдаған жүйелі шараларының нәтижесінде берешек көлемі 42,5 еседен астам азайды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен хабарлады.

7 жылда жалақы бойынша мерзімі өткен берешек көлемі 42,5 есеге азайды

Атап айтқанда, 2009 жылы мерзімі өткен қарыздың көлемі (3 айдан аса) 4,6 млрд. теңге болса, 2016 жылғы мамыр айындағы мәлімет бойынша 108,2 млн. теңгені құрап отыр.


Сонымен қатар, аталған мерзімде аймақтардағы мемлекеттік еңбек инспекциясының жүргізген тексерулері нәтижесінде, (106 мыңнан астам тексеріс) 435 мыңнан астам қызметкерлердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі 46,5 млрд. теңге төлемақы қайтарылды. 


«ҚР ДСӘДМ мамандары жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, еңбек даулары туындау тәуекелдеріне, қызметкерлердің қысқартылуы мен жұмыстан босатылуына және жалақының уақытылы төленуі бойынша тұрақты негізде бақылау жүргізуде»,-делінген министрлік мәліметінде.