70 адам коронавирустан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерде тіркелген қайғылы жағдайлар санын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

70 адам коронавирустан қайтыс болды

Елімізде 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 70 адам коронавирустан қайтыс болған. Оның ішінде 62 адамда коронавирус сипмтомы болса, 8-інде КВИ-.

Жалпы елімізде коронавирустан 10 611 адам көз жұмды. Оның 4 714-інде коронавирус белгісі болмаған.

Сондай-ақ, 14 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгісі бар пневмонияның 236 жағдайы және 8 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 187 адам емделіп шықты. 2020 жылдың наурызынан бастап барлық ауырғандар – 73 599, 4 714 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60 358 жетті.