70-ке жуық бағалы металдар кен орындары аукционға шығарылады

Алдағы уақытта елімізде 70-ке жуық бағалы металдар кен орындары электронды аукционға шығарылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. 

70-ке жуық бағалы металдар кен орындары аукционға шығарылады
Фото: kazminerals.com

Аталған ведомствоға ресми сауал жолдап, елімізде алдағы уақытта қандай бағалы металдар кен орындары игерілетінін сұраған едік.

«Жақын арада қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар мерзімінен бұрын бұзылған аумақтардағы жер қойнауы учаскелерінің 20-дан астам бос кен орындарын электронды аукцион негізінде инвесторларға беру жоспарланған. Сондай-ақ қатты пайдалы қазбалардың өнеркәсіптік санаттарының 70-ке жуық бос кен орны бар қорларын электрондық аукционға шығару көзделіп отыр», - делінген министрлік жауабында.

Айта кетейік, әлемдегі ең қымбат металл — осмий Қазақстанда ғана өндіріледі. Бірақ ол жайлы бүкіл мәлімет құпия. 

Еліміз осмийден бөлек те әлемде өте сирек кездесетін бағалы металдары экспортқа шығарып отыр.