70-тен астам қазақстандық ару сұлулық салонының құрбаны болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Тұтынушыларының ұлттық лигасы басқармасының төрайымы Светлана Романовская пластикалық ота мен косметолог мамандарға барып, жаға ұстатар жайттарға тап болған қазақстандықтар жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

70-тен астам қазақстандық ару сұлулық салонының құрбаны болды

«Осы жылдардың ішінде 70-тен астам оқиға болды. Негізінен олар теріні тарту мен әртүрлі екпелер. Омырауларына ота жасатқандар бірнеше рет баруларына тура келген. Ал имплантант бүкіл денесін шарлап жүреді. Көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші, қыз ұйқыдан тұрса омырауына жасалған имплант аяғына бірақ шыққан», - деді ол бүгін Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, сұлулық құрбанына айналған қыз-келіншектер Қазақстанның бүкіл өңірінде кездеседі. Ертеректе мұндай сайттар Алматы мен Астанада орын алатын болса, қазір Павлодар, Көкшетау, Атырау, Ақтау және Ақтөбе қалаларында сұлулық салонының құрбанына айналғандар бар.

«Біз әруақытта да көмек бере алмаймыз. Адамдардың отадан кейін бірден компанияға ешқандай наразылығым жоқ деген құжатқа қол қойып беретін жайттар да кездеседі. Мұндай жағдайда құжатты жарамсыз деп тану үшін пациенттің оған қол қояр кезде қандай күйде болғанына сараптама жасауға да тура келеді», - деді Романовская.