70 жастағы поляк Атлант мұхитын 3 рет жүзіп өтті

3 қыркүйек, жексенбі күні қарт теңізші өз бағытының мәресіне - Францияның Ле-Конке портына жеткен. Доба 16 мамырда АҚШ-тың Нью-Джерси штаты шектесетін Бэрнигет шығанағынан сапарға шыққан. 17 маусымда қайықтың рулі майысқанына қарамай, қарт жиһанкез саяхатын жалғастыра берген.
2010 жылы Александр Доба Атлант мұхитын байдаркада жалғыз жүзіп өткен бірінші адам болған еді. 2013 жылы мұхитты тағы бір рет жүзіп өтіп, ашық мұхитта байдаркамен ең ұзақ қашықтықта жүзуден рекорд орнатты.
Айта кетейік, 2016 жылғы желтоқсанда британдық полицейдің Атлант мұхитын жалғыз жүзіп өтпек болғаны туралы хабар таралған еді. Медузалардың, қатты толқындар мен құлағына кіріп қалған балықтың кесірінен жоспардағыдан жай жүзіп, бірнеше күннен кейін жүзуін тоқтатқан еді.