70 жастағы Шварценеггер «Терминатор-6»-ға түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық актер, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер өзіне асқан танымалдылық алып келген «Терминатор» фильмінің алтыншы бөліміне түсетін болады. Бұл туралы жұма күні Fox News телеарнасы хабарлады.

70 жастағы Шварценеггер «Терминатор-6»-ға түседі

«Келесі жылдың наурыз айында «Терминатордың» түсіріліміне қатысамын. (Режиссер) Джеймс Кэмерон мен (продюсер) Дэвид Эллисон түсірілім тобының құрамына қайта оралатын болады», - деп келтіреді телеарна 30 шілде күні 70 жасқа толған Шварценеггердің сөздерін.

Джеймс Кэмерон фантастикалық боевиктің алтыншы бөлімін түсіру туралы шешімін растады және Калифорнияның экс-губернаторы терминатордың емес, оның прототипі - адамның рөлін сомдайтынын жеткізді.

Шварценеггер 1947 жылы Австрияның Граца қаласының маңындағы ауылда дүниеге келген. АҚШ-қа 21 жасында келіп, алдымен бодибилдингте, кейін кинода өзіне тамаша мансап жасай алды. Оған әлемдік танымалдылықты «Конан-варвар», (Conan the Barbarian, 1982), «Терминатор» (The Terminator, 1984), «Коммандос» (Commando, 1985), «Жыртқыш» (Predator, 1987), «Бәрін еске түсіру» (Total Recall, 1990) фильмдері алып келді.

«Терминатордың» бұған дейін түсірілген бес бөлімінің төртеуінде Шварценеггер роботтың рөлін ойнады.