700 адамды алдап кеткен қытай қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Колумбия астанасы Боготада Қытайда іздеу салынған қылмыскер, қытайлық азамат Чжоу Шуанцюань тұтқындалды, деп хабарлады ВВС.

700 адамды алдап кеткен қытай қолға түсті

Ол жалған компания құрып, 16 млн. доллардан астам қаражат жымқырғаны үшін айыпталды. Оның әрекетінен әлем бойынша 700 адам зардап шеккен.

Колумбия билігі Чжоу Шуанцюаньды енді Қытай полициясына тапсырады.