700 мың АҚШ долларын жымқырған депутат қамауға алынды

АСТАНА. 22 қараша. ҚазАқпарат - Қырғыз парламентінің бұрынғы төрағасы Ахметбек Келдібеков қамауға алынды.

700 мың АҚШ долларын жымқырған депутат қамауға алынды

Жоғарғы кеңестің бұрынғы басшысына жемқорлыққа қатысты Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3 бабы бойынша айып тағылды. Ол жақында қамауға алынып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу оқшаулағышына жабылды. ҚР Бас прокуратурасы парламенттің бұрынғы төрағасына қатысты жемқорлық және лауазымын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғандығын мәлімдеді. А. Келдібеков республикалық зейнеткерлік қоры, мемлекеттік салық қызметі мен Жоғары кеңес спикері лауазымын атқару барысында қылмысқа жол бергендігі анықталды. Шығын сомасы 700 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады 24.kz.