71 жастағы миллиардер Бернар Тапиді көлік қағып кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француз миллиардері Бернар Тапи велосипедтен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлады Бэ-эф-эм телеарнасы.
Өткен аптада ғана 71 жасқа толған бизнесмен қазіргі уақытта Париждегі Питье-Сальпетриер госпиталінде тексеруден өтуде. Б.Тапи Парижден 30 шақырым қашықтықтағы Иври-сюр-Сендегі зәулім үйіне әр жұма сайын электр тоғымен жүретін велосипедпен баруды әдетке айналдырған еді.
Полиция мәліметтеріне қарағанда, оны жолда көлік қағып кеткен. Дегенмен, Тапи отбасының мәлім етуінше, бизнесменнің өміріне еш қауіп жоқ. Ал, кейбір деректерге қарағанда, миллиардердің аяғы жарақаттанған.