72 мың АҚШ долларынан астам қаржыны шетел асырмақ болған ҚР азаматы құрықталды

АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - 5 қыркүйекте Алматы қаласының кеденшілері «Валюта» жедел-профилактикалық шараларын жүргізу барысында экономикалық контрабандалық сипаттағы қылмыстық істің жолын кесті.

72 мың АҚШ долларынан астам қаржыны шетел асырмақ болған ҚР азаматы құрықталды

Бұл туралы Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері халықаралық Алматы әуежайында «Алматы - Үрімші» бағытындағы әуерейсін тіркеуден өткізу кезінде, Қытай еліне заңсыз 72 300 АҚШ долларын құрайтын шетел валютасын жасырын алып өтпек болған 1958 жылғы Қазақстан Республикасының азаматын құрықтады.
Бүгінде аталған дәйекке (экономикалық контрабанда) қатысты Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР ҚК 209 бабына сәйкес алдын ала тергеуге дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде.