72 жастағы австралиялық зейнеткер үш сағат бойы қолтырауындармен айқасты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияда 72 жастағы ер адам үш сағат бойы қолтырауындардан қолында бар құралдармен қорғанды. Ол бұған кілт, оталдыру білтесі және басқа да заттарды пайдаланды.

72 жастағы австралиялық зейнеткер үш сағат бойы қолтырауындармен айқасты

The Guardian-нің хабарлауынша, Дарвин қаласында қолтырауын екі ер адам отырған қайыққа шабуыл жасаған. Олардың біреуі суға тұншығып, батып кетсе, екіншісі басқа қолтырауындар өріп жүрген жағаға шыға алды.

Зейнеткер рептилиялардан үш сағат бойы айқасты, оның жанұшырған дауысын теңіз шаяндарын аулаушылар естіген. Олар ер адамға қайығына мінуге көмектесіп, батып кеткен досының денесін судан алып шықты. Қатты шошынған егде жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады russian.rt.com.