72 жасында алғаш рет ана атанған әйелдің денсаулығы күрт нашарлады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  72 жасында алғаш рет ана атанған үндістандық Амритсар қаласының тұрғыны жүктіліктен кейін меңдеген денсаулығына байланысты проблемалар жайында айтты.
None
None

 Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Далджиндер Каур (Daljinder Kaur)  2016 жылғы сәуірде тұңғышын дүниеге әкелген еді.  Содан бері әйелде қан қысымы көтеріліп, буындары әлсіреп, шаршаңқылық пайда болған.  Дәрігерлер оған дәрі жазып беріп, диета ұстауға кеңес берді.   

Ол үш айдан кейін баласын емізбеген, себебі суалған. Баланың аса  жеңіл болғанына қарамастан, дәрігерлер нәрестенің салмақ жинайтынына сенімді.

Егде әйел екі жыл ЭКО курсынан өтіп, жүкті болған.  Жолдасы  80 жастағы Мохиндер Сингх Гилл (Mohinder Singh Gill)   баланың  биологиялық әкесі.

Соңғы жаңалықтар