73 әскери қызметші мінген ұшақ апатқа ұшырады
АСТАНА. 26 шілде. ҚазАқпарат - Марокконың оңтүстігінде "C-130 Геркулес" әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырады. 30 адам қаза тапты, алайда олардың саны артуы мүмкін,
деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
Алдын ала болжам бойынша, ішіндегі 73 адамның басым бөлігі әскери қызметшілер болып табылатын ұшақ ел астанасынан 700 шақырым жерде орналасқан Гулимин қаласының маңындағы тауға соғылған.
Қазіргі таңда апаттың себеп-салары анықталып, оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Құтқарушылар тірі қалған бес адамды тауып алды.