73 жастағы Серджио Маттарелла Италияның жаңа президенті болып сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Италия Конституциялық сотының судьясы 73 жастағы Серджио Маттарелла ел президенті болып сайланды, деп хабарлайды ВВС.
Ол Италия Республикасының 73-ші президенті болып отыр. Италия парламентінің екі палатасы да оны 7 жыл мерзімге сайлады. Елдің бұған дейінгі басшысы Джорджо Наполитано 14 қаңтар күні отставкаға кеткен болатын.