74 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырай жаздады
БЕЙЖІҢ. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Қытайдың шығысындағы Иу қаласында Air China компаниясының 74 жолаушысы бар ұшағы көтерілер сәтте ұшып-қону жолынан шығып кеткен.
Абырой болғанда, ұшақ доңғалақтары асфальтқа батып, тоқтап қалған. Зардап шеккендер туралы хабарлама түскен жоқ.
Әуежай жабық, қалған жолаушылар Хнчжоудағы «Сяошань» әуежайына жеткізілді